Бейнежазба қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Ұзақтығы 30 секунд.
ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі BBC телекомпаниясы Жетісу жерінің керемет табиғаты жайлы видеоролик түсірді, деп жазады ҚазАқпарат.
Арнайы түсірімде Жетісу жерінің Көлсай көлдерін, Бұрқанбұлақ сарқырасын, Шарын шатқалын, Алтын емел ұлттық паркіндегі «Бесшатыр» қорғандарын, әйгілі Айғайқұм сынды көрікті жерлерді көруге болады.
«Бұл көк аспанмен астасқан кең байтақ Қазақ даласы. Қандай керемет! Таудан құлай аққан сарқырама, күн сәулесі құшағына алған ұлы дала, тарихты қойнауына жасырған құмтөбелер мен шексіз адалдықтың айнасындай мөлдір таза өзен-көлдер. Мұндай сұлулықты басқа еш жерден кездестірмейсің. Қазақстан - қайталанбас таң шапағы»,- деп қазақ елін бейнероликте суреттеген.
Бейнежазба қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Ұзақтығы 30 секунд.
Айта кетсек, ролик Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.