«Bek Air» апатына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

0
2 376

Талғар аудандық сотында қаралып жатқан іске қашан нүкте қойылатыны белгісіз.


«Bek Air» апатына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы маңында болған «Bek Air» компаниясы ұшағының апатына байланысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ұшақ құлаған аумақтағы жер телімдерінің заңсыз сатылуына қатысы бар деп айыпталған 6 адамның бесеуі бостандықта жүр. Тек риэлтор Нұрайым Алданыш 1 жылға жуық уақыттан бері тергеу изоляторында отыр. Адвокаты оны кепілмен үй қамаққа босатуды сұрағанымен, шағымы кері қайтарылған.

Талғар аудандық сотында қаралып жатқан іске қашан нүкте қойылатыны белгісіз. Жергілікті әкімдік апат болған аумақтағы 1 гектардан астам жер телімі 2011 жылы жеке иелікке өтіп, ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға берілгенін айтады. Жалпы 12 адамның өліміне себепші болған «Bek Air» апатынан туындаған жер проблемасына қатысты сот ұзаққа созылатын сияқты. Кезекті сот отырысы ертең өтеді.