Аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі.
ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылғанын жариялады, деп жазады zakon.kz.
- "Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі, - делінеді министрлік таратқан хабарламада.