Бекшин Алматы карантинге жабылады деген қауесетке жауап берді

0
555

​Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыда коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақты екенін айтқан болатын.


Бекшин Алматы карантинге жабылады деген қауесетке жауап берді

ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында қаланы карантинге жабу туралы қауесетке жауап берді, деп жазады sputniknews.kz.

"Мұның барлығы жалған ақпарат. Бұл процеске қатысқым келмейді. Қаланы жабу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бізде инфекцияны жұқтырудың өсіп жатқанын немесе жаңа штамм пайда болғанын ескертетін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бар. Қазір бұл жеткілікті бақылауға алынған", - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыда коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақты екенін айтты. Қазір қала бойынша науқастарға арналған төсек-орынның бес процентінде ғана адамдар емделіп жатыр.

"Бүгінде резервте 7300 төсек-орын дайын тұр, олар қажет болған жағдайда, науқастар саны көбейген кезде ашылады. Қазір карантиндік шараларды күшейтуге себеп жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, қалада инфекцияның тәуліктік өсім көрсеткіші өткен тәулікте 0,006%-ті құрады.