Бекшин Алматыдағы карантиндік шараларды күшейтті

0
799

​Қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысымен бірқатар нысанның жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді.


Бекшин Алматыдағы карантиндік шараларды күшейтті

ERNUR.KZ. Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығы, сауда және ойын-сауық орталығы, базардың жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді. Бұл жайында Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің кейінгі қаулысында айтылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Мұндай шектеулерді енгізу инфекцияның адамнан адамға жұғуын тоқтатуға бағытталып отыр", - деді Бекшин.


Қаулыға сәйкес, мынадай шектеу шаралары қабылданды:

  • мемлекеттік органдар, ұйымдар, ұлттық компания филиалдары және басқа да кеңселерде қызметкерлер саны 30 адамнан көп болған жағдайда қызметкерлердің 50%-ін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру қажет;
  • азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар жұмысы дүйсенбі-жұма арасында таңғы тоғыздан 16.00-ге дейін, сенбі-жексенбіде 09.00-18.00 арасында жұмыс істеуі қажет;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн форматқа өткізілуі қажет, онлайн қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда сағат 10.00-16.00 арасында жұмыс істейді;
  • екінші деңгейлі банктердің 50% қызметкері қашықтан жұмыс істеуі қажет;
  • сауда-ойын сауық орталықтарының жұмысы сағат 10.00-21.00-ге дейін қысқарып, ішіндегі тамақтану, ойын-сауық нысандары, аттракцион, кинотеатрларды ашуға тыйым салынады;
  • қоғамдық тамақтану орындары 22.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • банкет залдарының, бильярд, компьютер орталықтары мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды;
  • салтанатты, еске алу іс-шаралары, көрме, форум, конференциялар, банкет залдарының жұмысы, ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылады;
  • қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру нысандарының жұмысы, оқушылардың топтық экскурсиясы, саябақтардағы стационарлы емес сауда нысандары, көпшілік қызықтайтын музей, галерея, кинотеатр, цирк жұмысына тыйым салынады.


"Біз таңғы уақытын бекіткен жоқпыз. Себебі, әрқайсысы әртүрлі уақытта ашылады. Қоғамдық тамақтану нысандарында жұмысты аяқтау уақытын ғана бекіттік", - деді қаланың бас санитар дәрігері.


Сонымен қатар Жандарбек Бекшин түнгі клуб, кальян, караоке барлары мен фудкорттар жұмысына шектеу қойылғанын айтты.


"Адам көп жиналатын іс-шараларға шектеу қойылды. Меншікті үйлер, ғимараттар жалға беріледі, біз оған да шектеу қойып жатырмыз. Жекеменшік үйлерде адамдардың жаппай жиналуына және іс-шаралар өткізу үшін жалға беруге және жалға алуға тыйым салынды", - деді ол.