Бекшин: Балаларына вакцина жасатпаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады

0
960

Бұл туралы еліміздің бас дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.


Бекшин: Балаларына вакцина жасатпаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Балаларының құқықтарын бұзып, вакцинация жасатпаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл көлемі әзірге белгіленген жоқ. Жоба денсаулық сақтау ұйымдарында талқыланғаннан кейін Парламентке кетеді, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» қазақстандық алғашқы конгресінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты.
«Бізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бар. Сол ұсынымдар бойынша балаларды вакцинациялау 95%-ға, ал ересектерді вакцинациялау 80-85%-ға жету керек. Осындай деңгейге жетсек – ешқандай жұқпалы аурулардың таралуы болмайды. Біз Қазақстанда бұл көрсеткішті 97%-ға жеткіздік. Біздің ең алдымен алаңдатып отырғаны – қызылша ауруы. Бұл ауру қазір пандемия ретінде әлем бойынша таралық жатыр. Конгресске келген қонақтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау деректері бойынша, қазіргі уақытта әлемде қызылшамен ауырған 375 мың жағдай тіркелгенін айтып жатыр. Осыған байланысты Мадагаскар және басқа да бірқатар мемлекеттерде өлім-жітім жағдайлары болып жатыр. Бұл ауру АҚШ-та да таралуда, сондықтан бұл жаһандық мәселе болып саналады. Біз алдын алу шараларын жасап жатырмыз. Келесі аптадан бастап денсаулық саласында жұмыс істеп жүрген дәрігерлермен бірге қосымша егу жұмыстарын жүргіземіз», - деді Жандарбек Бекшин.

Еліміздің бас дәрігері еліміздегі барлық дәрігерлерге егу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

«10-12 айға жетпеген сәбилер ауырып жатыр. Негізі 12 айдан бастап егіледі, бірақ осы жағдайға байланысты егуді 9 айдан басталатындай етіп төмендеттік. Сондай-ақ, аурудың ішкі таралуы болмас үшін еліміздегі медициналық қызметкерлердің 99,7%-ы егілді. Біз қазір балабақша мен мектептерге вакцинацияланған балаларды ғана жіберу туралы ұсыныс айтып жатырмыз. Балаларының құқықтарын бұзып, вакцинация жасатпаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл көлемі әзірге белгіленген жоқ. Жоба денсаулық сақтау ұйымдарында талқыланғаннан кейін Парламентке кетеді», - деді еліміздің бас санитар дәрігері.

Бұған дейін Бұған дейін вакцинацияның арқасында адам өміріне қауіп төндіретін қаншама инфекция, эпидемияларды жеңгеніміз туралы және инфекциялық аурулар болмайтыны туралы жазған болатынбыз.

Конгреске Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (СDC) ғылыми қызметкерлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Франция, Италия, Израильден келген жетекші ғалымдар қатысты.

Шара 13 қыркүйекке дейін созылады және резолюцияға қол қоюмен аяқталады.