Бекшин ревакцинацияға қолдануға тиімді екпені атады

0
740

Мамандардың айтуынша, отандық вакцинаны салдырғандар арасында жанама әсер аз байқалған.


Бекшин ревакцинацияға қолдануға тиімді екпені атады

ERNUR.KZ. ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazCovid-in екпесін салдырғандар арасында коронавируспен қайта ауырғандар аз байқалған. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп жазады zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, отандық вакцинаны салдырғандар арасында жанама әсер аз байқалған.

Статистикаға сүйенсек, коронавируспен қайта ауырғандардың арасында ең аз көрсеткіш ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген коронавирустық індетке қарсы QazCovid-in екпесін алғандардан байқалады. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, басқа вакциналармен салыстырғанда, отандық вакцинаны салдырған азаматтарда жанама әсерлер аз болған.Жандарбек Бекшин

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғаннан кейін 3 239 адам COVID-19 жұқтырған. Вакцинаны толық салдырғандар саны 980 мың адамнан асатынын ескерсек, QazVaс-ты салдырғаннан кейін ауырғандар оның 0,33 пайызына тең болады.

Вакцинаның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциясына қатысты сырқаттану бойынша жағдай мынадай: "Спутник V" – 0,37%, "Hayat-Vax" – 0,26%, "Синовак" – 0,19%, "QazCovid-in" ("Qazvac") – 0,17%".Жандарбек Бекшин

Сондай-ақ вакцинаның ұзақ әсері байқалады. Жандарбек Бекшин "QazVaс" вакцинасын ревакцинацияға пайдалануға тиімді вакцина ретінде атады.

Басқа препараттармен салыстырғанда, отандық вакцинаны алғандар арасында COVID-19 ауруының асқыну және ауруханаға жатқызу көрсеткіші ең төмен болғандықтан, аурухана қызметкерлері QazVaс вакцинасын ревакцинация үшін қолдануға тиімді вакцина деген шешімге келді. Бұл – індетпен күресудегі жақсы көрсеткіш.