Бекшиннің орнына конкурс жарияланды: Тек бір ғана үміткер жарамды болған

0
587

Биыл қаңтардың басында Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметінен босатылған болатын.


Бекшиннің орнына конкурс жарияланды: Тек бір ғана үміткер жарамды болған

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жандарбек Бекшиннің орнына Алматының бас санитар дәрігері қызметін атқаратын маман іздеп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Биыл қаңтардың басында Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Осыдан соң Бекшиннің орнына үміткерлерге конкурс жарияланған.

Қызметке ниет білдіргендер ішінде тек бір ғана үміткер – қазіргі таңда Алматы қаласы Медеу аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген Қасымхан Алпысбайұлының барлық талапқа сай екені белгілі болды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлауынша, кандидатпен әңгімелесу 27 қаңтарда ZOOM қосымшасы арқылы бейнебайланыс түрінде өтеді.

"Бүгін тек бір кандидатпен кездесу өтеді. Басқа адамдар құжат тапсырған жоқ. Егер тапсырса да, кадр қызметі біліктілік талаптарының сәйкестігін тексереді. Бірақ бүгін бір ғана үміткер әңгімелесуден өтеді", – деп түсіндірді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетсек, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 5 қаңтарда зейнет жасқа толуына байланысты қызметтен кеткен болатын. Оның келісімшарты аяқталды. Ал заң бойынша зейнет жасқа толған мемлекеттік қызметшінің келісімшарты бір жылға ғана ұзартылады.

Алматыға тағайындалғанға дейін ол Қазақстанның бас санитарлық дәрігері лауазымында жұмыс істеген.