​Белгілі вайнерлер сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді

0
170

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты материалдар Түрксіб аудандық сотына қарауға жолданды.


​Белгілі вайнерлер сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді

Фото: Скриншот

ERNUR.KZ. Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша бес жылға сотталған белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірді, деп жазады inform.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты материалдар Түрксіб аудандық сотына қарауға жолданды.

Бұған дейін Павлодар облысының № 44 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыдағы колонияға ауыстырылғаны туралы жазған едік.
Еске салайық, былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Аталған іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды.
Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева әлеуметтік желіде күйеуі мен балаларының видеосын жариялағанын жазғанбыз.
Кейін Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне жіберілгенін түсіндірді.
Осы жылдың басында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа апеляциялық шағым түсірді.
Алайда апелляциялық сот вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.