Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Петропавлда үшінші адам көз жұмды

0
125

75 жастағы зейнеткер дәрігерлердің көмегіне қарамастан, ауыр уланудан көз жұмды.


Белгісіз сұйықтық ішіп қойған: Петропавлда үшінші адам көз жұмды

Фото: qrnews.kz

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында белгісіз тұнбаны ішіп, ауруханаға түскен үшінші ер адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Медицина қызметкерлері ер адамның өмірін сегіз күн бойы сақтап қалуға тырысқан. Осы уақыт ішінде ол жансақтау бөлімінде жатып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда науқастың жағдайы өте ауыр болған.

Қазіргі уақытта марқұмдар ішкен алкоголь құйылған бөтелкеге сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз тұнбаны ішкен екі ер адамның қайтыс болғанын жазған едік.

Кейін белгілі болғандай, олар бөтелкені қоқыс жәшіктерінің арасынан тауып алған.