Бірлескен бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойды.
ERNUR.KZ.Қазақстанда мұнай өнімдерін көлікпен шығаруға тыйым салудың мерзімін тағы алты айға ұзартылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бірлескен бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойды.
"Бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. Бұл авиациялық отын мен автомобиль дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуге қатысты емес", - делінген құжатта.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі бірлескен бұйрықтың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды атқарады. Оған ішкі істер министрлігі де көмектеседі.