Бердібек Сапарбаев Ақтау емханаларының жұмысымен танысты

0
865

Бердібек Сапарбаев медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын атап өтті.


Бердібек Сапарбаев Ақтау емханаларының жұмысымен танысты
ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Ақтау қаласындағы емханаларды көрді, деп жазады ҚазАқпарат.Бердібек Сапарбаев алдымен Ақтау қалалық №2 емханасында болды. Емхана басшысы Бектібай Төлегенов науқастарды қабылдау тәртібі, емхана мүмкіндіктері, медициналық қызметкерлердің жалақысы туралы баяндап берді. Үкімет басшысының орынбасары емханаға келген науқастармен тілдесіп, медициналық қызмет көрсетудің сапасы туралы сұрады. Кездесу Маңғыстау облыстық ауруханасында жалғасын тапты.

Шара барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Маңғыстау облысының медициналық сақтандыруға қаншалықты дайын екендігін жеткізді.

«Маңғыстауда 99 пайыз тұрғын сақтандырылған статусын алып отыр. Бұл көрсеткіш басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары», - деп атап өтті Айбатыр Нышанбайұлы.

Оның келтірген деректері бойынша, Маңғыстауда шамамен 15 мың адамның мәртебесі жаңартылған жоқ.

«Бүгінгі таңда 2018 жылдың басында мәртебеге ие болған 2,7 млн адамның 2 млн-нан астамы (немесе 74,6%) мемлекеттік органдардың дерекқорында анықталды. Біз бұл адамдардың мәртебесін айқындау үшін жергілікті орындаушы органдармен үлкен жұмыс жүргіздік. Қалған 700 мыңға жуық адамды рәсімдеу осы жылдың соңына дейін аяқталады», - дейді ол.

Бердібек Сапарбаев медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарына тоқталды.

«Әлем тәжірибесінде бар бұл жүйеге біз де өтуіміз керек. Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерден кейін, ант беретін маман иелері – дәрігерлер. Сол себепті дәрігерлер антқа адал болуы тиіс», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары орынбасары.