Бердібек Сапарбаев: Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды

0
2 631

Жаңатас қаласында өрт салдарынан бір жастан алты жасқа дейінгі бес бала иіс газынан уланып көз жұмды.


Бердібек Сапарбаев: Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бес кішкентай бала ажал құшқан Жаңатастағы қайғылы оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңір басшысы жантүршігерлік жағдай жайында Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазған.


"Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды.

Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда.

Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп түйіндеді өңір басшысы.