Министрдің айтуынша бұл өзгерісті қуаттайтын нормативтік актілер мен бұйрықтардың барлығына қол қойылған.
ERNUR.KZ.ШҚО-да 46 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет мүшелерінің облыс активімен кездесуінде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстанда жарымжан балалар саны артқан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы облыстың активімен кездесіп, әлеуметтік бағдарламалардың мән-маңызы мен негізгі бағыттарын түсіндірді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бірінші маусымнан бастап білім, мәдениет, медицина, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлерінің, облыстық және аудандық әкімдік мамандарының еңбекақысы 15-30 пайыз көлемінде өсетінін мәлім етті.
Министрдің айтуынша бұл өзгерісті қуаттайтын нормативтік актілер мен бұйрықтардың барлығына қол қойылған.
Ал көпбалалы отбасыларға берілетін төлем көлемге Қазақстан бойынша 830 мыңға жуық адам қол жеткізбек. Оның ішінде 46 мың шығысқазақстандық бар.
«Бірінші сәуірге дейін бір адамға берілетін атаулы көмек 4834 теңге болса, енді бұл сома 20789 теңге болмақ. Табысты қайта есептеу кезінде әлеуметтік төлемақылар мен шәкіртақы есептелмейді. Енді халықтан зейнетақы мен қолдағы азын-аулақ малдан түсетін табысты есептеуге өзгеріс енгізсеңіздер деген ұсыныс түсіп жатыр. Бағдарлама 10 жылға арналған. Ол жағын да ойластырып жатырмыз. Ұсыныстың бәрі кезең-кезеңмен, заңға сәйкес қаралады» - деді Бердібек Сапарбаев.
Министрдің айтуынша, мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы көлемі 10 мың теңге өспек. Мұндай көмекке еліміз бойынша 100 мыңнан астам адам мұқтаж. Шығыс Қазақстан бойынша 6000-нан астам адамға аталған жәрдемақы тағайындалмақ