Берік Уәли Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді

0
753

Қырғыз Республикасында болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі.


Берік Уәли Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады»,-деп жазды Берік Уәли.