Бетімдегі әйнектерді өзім алдым: Жарылыс кезінде дәмханада отырған әйел жағдайы туралы айтты

0
561

Зардап шеккен тұрғынның сөзінше, ол тамақтануға бара жатқанда өртті байқаған.


Бетімдегі әйнектерді өзім алдым: Жарылыс кезінде дәмханада отырған әйел жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жарылыс орын алған сәтте дәмханада жарақат алған әйел жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Еске салсақ, бұған дейін жарылыс болған уақыт түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған болатын. Бейнежазбадан жарылыс екпіні дәмханада тұрған әйелді бірнеше метрге ұшырып жібергенін байқауға болады.

Зардап шеккен тұрғынның сөзінше, ол тамақтануға бара жатқанда өртті байқаған.

“Көлікпен келе жатқанда қара түтінді көрдім, ол кезде шөп өртеніп жатыр деп ойладым, мұнда әскери қойма бар екенін де білмеппін. Тамаққа тапсырыс бергенбіз, бір кезде жарылыстың дауысы естілді. Орнымнан тұрып, терезеге жақындай бергенімде жарылыс екпіні ұшырып әкетті. Бұлай болады деп ойламадым”, – дейді видеодағы әйел.

Айтуынша, терезені сынықтары оның бетіне тиіп, есінен тандырған.

“Қатты есеңгіреп қалдым. Ауруханаға бармадық. Қаладағы дәріханаға бет алдық. Бетімдегі әйенектерді өзім шығардым, біреуі табаныма да кіріп кетіпті. Он шақты әйнек болды-ау деймін. Үйге келіп, жарақтарыма дәрі жақтым. Не істерімді білмедім. Сол күні ұйықтай алмай, ертесі жұмыстан қалдым. Менің жақын туыстарым сол күні не болғанын да естімеді”, – дейді ол.

Қазір әйел жағдайы едәуір жақсарғанын жеткізді.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 15 адам көз жұмып, тағы 98-і түрлі жарақаттар алған.