Жұмысшыларды элеватор лентасы тартып кеткен.
фото: акимат Атырауской области
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Дубровное ауылында элеваторда екі жұмысшы жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 3 қыркүйек күні түстен кейін "Мамлютская" Агрофирма "ЖШС кәсіпорнында болған.
Жұмысшыларды элеватор лентасы тартып кеткен. Зардап шеккендердің екеуі де дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.
"1983 жылғы науқастың сол жақ аяғы екі жерден сынған. Ота жасалды, жағдайы тұрақты ауыр. 1985 жылғы науқастың екі білек сүйегі ашық сынған. Ампутация жүргізілді. Жағдайы тұрақты ауыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі ер адамның жарақаттану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, дейді полиция.
"3 қыркүйекте астық кептіру жабдығында жұмыстарды орындау кезінде қызметкерлердің бірі аяғынан жарақат алған. Оған көмек көрсетуге тырысқан екінші жұмысшы да жарақат алған", - дейді облыстық полиция департаменті.


