Қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Алматыда жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, содан кейін төменге құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Төтенше жағдай 26 маусым күні таңертең «Теремки» ТК-де болды. Куәгерлер қыздың жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, аяғын сермеп, төмен түсіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.
Полицияға оның өзін-өзі өлтіргені туралы хабарланды.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы ПД.