Білім және ғылым вице-министрі жалақысының қанша екенін айтты

0
1 359

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, 1 қаңтардан 90 мыңға жуық мұғалім, ал 1 қыркүйектен бастап тағы 200 мың педагог 30 пайыз мөлшерінде үстеме ақы алады.


Білім және ғылым вице-министрі жалақысының қанша екенін айтты
фото: jas.kz

Sputnik Қазақстан тілшісінің сауалына жауап берген Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мемлекеттік қызметте біраз жыл істегенін атап өтті.

"Жалақы еңбек өтілі мен білім деңгейіне байланысты төленеді, яғни барлық орталық органдардың мемлекеттік қызметкерлері, департамент директоры, вице-министрлер бір жүйемен жүреді. Біз ешқандай қосымша ақы алмаймыз, менің айлығым 600 мың теңгеге жақын", - деді Б.Асылова министрлік алқасының кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, 1 қаңтардан 90 мыңға жуық мұғалім, ал 1 қыркүйектен бастап тағы 200 мың педагог 30 пайыз мөлшерінде үстеме ақы алады.

Айта кетсек, 7 ақпанда мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы қаулы шықты, осыған байланысты өңірлерде ұстаздардың еңбекақысы қайта есептеледі.


дереккөз: Sputnik Қазақстан