Бір пациентке 101 млн теңгенің дәрісін жазып берген - аудит нәтижесі

0
120

Тегін амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектер заңсыз есептен де шығарылады.


Бір пациентке 101 млн теңгенің дәрісін жазып берген - аудит нәтижесі

фото: Unsplash / Melany @ tuinfosalud.com

ERNUR.KZ. Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов дәрі-дәрмектерді тарату саласындағы аудиттің нәтижесін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмекті артық немесе мүлдем басқа препараттарды жазып беру фактілері анықталды.
"Мысалы, медициналық ұйымның бірінде пациентке бір жылдың ішінде 101 миллион теңгеге "Имбрувика" препаратының 36 қаптамасы жазып берілген. Ал оның рұқсат етілген нормасы 8 қаптамадан аспайды", - деді Смайылов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, тегін амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектер заңсыз есептен де шығарылады. Артынан соның бәрін дәріханада сатып жатады.
Бұдан бөлек, аудит кезінде жарамдылық мерзімі жақындаған препараттарды таратудың 67 мыңнан астам фактісі анықталды.