Тестілеудің алғашқы сынағына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады.
ERNUR.KZ. ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау басталғалы бір тәулік ішінде 152 438 талапкер тіркелді, деп жазады zakon.kz.
Тестілеудің алғашқы сынағына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады, деп еске салады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан тестілеуге қатысатындар 6-13 мамыр аралығында алғашқы мүмкіндік бойынша өтініш бере алады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы барлық талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға және гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.