Бір тәуліктен бері 140 адам Ақтаудан Антальяға ұша алмай жатыр

0
1 157

Әуе компаниясының директоры Талғат Жолдыбаев рейс техникалық проблемалар болған соң кешігіп жатқанын айтты


Бір тәуліктен бері 140 адам Ақтаудан Антальяға ұша алмай жатыр

фото: Baq.kz

ERNUR.KZ. Sunkar Air әуе компаниясының Ақтау-Анталья бағытындағы рейсі кесте бойынша 30 шілде таңғы 7.00-де ұшуы тиіс болған. Алайда жолаушылар бір күн бойы ұша алмай отыр, деп жазады Baq.kz.

«Әуе компаниясы рейсті бірнеше рет кейінге қалдырды. Компания өкілдерінің бізге келмегені таңғалдырды. Ешкім түсіндіре алмайды. Бізге ұшамыз ба, жоқ па айта алмайды. Бізді осындай түсінбестік үшін әуежайда ұстап отыр. Тіпті өз қаражатымызбен екі рет әуежайға келіп-кеттік. Бізге су да, тамақ та берген жоқ. Мұнда 150 адам бар, оның 40-ы - бала. Бүгін таңертең 22.00-де ұшатынымызды айтты», - деді жолаушылардың бірі.

Ал Sunkar Air әуе компаниясының директоры Талғат Жолдыбаев рейс техникалық проблемалар болған соң кешігіп жатқанын айтты.

«Ақтаудан жексенбі - 29 шілде күні келген ұшақта борт компьютерінің блогы істемей қалды. Біз бөлшекке бірден тапсырыс бердік, кеше кешкісін Ақтауға жеткізді. Ол да бұзылған екен. Осыдан кейін жолаушыларды Антальяға басқа бортпен жібереміз деп шештік. Бізде Алматыдан Малеге ұшатын рейс бар. Бүгін жолаушылар Антальяға ұша алады. Ұшу уақытын 22:00-де деп жоспарлап отырмыз. Олардың шығындарын өтейміз. Оларға Антальяға қонақ үйге келген күніне қосымша төлейміз. Ал кері қарай келесі аптада сейсенбі күні емес, сәрсенбіде қайта әкелетін боламыз. Адамдар ештеңе жоғалтпайды. Мұндай жағдайға компаниямыз бірінші рет тап болып отыр», - деді Талғат Жолдыбаев.

Sunkar Air әуе компаниясы директорының сөзінше, жолаушылар үшін кеше қалаға дейін көлік ұйымдастырып, тамақ берген.