Бірінші орында: Қайрат Нұртастың жұбайы сайыста алда келеді

0
789

"Әлем Ханымы-2020" байқауына қатысып жатқан Жұлдызға дауыс беру үшін 5 доллар қажет.


Бірінші орында: Қайрат Нұртастың жұбайы сайыста алда келеді

ERNUR.KZ. Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы-2020» байқауына қатысып жатыр, деп жазады baq.kz.

Дауыс беру 1 желтоқсан басталған. Қазіргі кезде ол 29 516 дауыспен бірінші орында келеді. Жұлдыз Әбдікәрімованың жинаған дауысы өзге 83 қатысушыдан жоғары.

Оның анкетасында «Mrs Kazakhstan» деп жазылған. Алайда өмірбаянында ондай титул ұтқаны жайлы ақпарат жоқ.

Бұл байқауға Жұлдыздан бөлек, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова да қатысып жатыр. Дауыс беру үшін 5 доллар қажет.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың келіншегі әлемдік сұлулық байқауында ел намысын қорғайтынын Instagram-дағы парақшасында жария еткен болатын.

Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл «Әлем Ханымы-2020» - «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты - әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді. Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ мен Қазақстанның ғана емес Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет. Шынайы пейілдеріңіздің осы посттың астына «Қолдаймын» деп жазу арқылы көрсете аласыздар. Қанша екенімізді көрейік, - деп жазды Әбдікәрімова.