Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады.
ERNUR.KZ. Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метр.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.
25 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.
25 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде секундына 18 метр күтіледі.