Ақын Біржан Байтуов: Айтысты жоқ қылды

0
3 773

"Наурыз айтысты" биыл Түркістан облысы да, Шымкент қаласы да өткізуден қалыс қалып отыр.


Ақын Біржан Байтуов: Айтысты жоқ қылды

фото: otyrar.kz

Биыл Түркістан облысы мен Шымкент қаласында өтетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекелік бағдарламасында "Наурыз айтыстың" болмауы айтыскер ақын Біржан Байтуовтың көңіліне кірбің ұялатты, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Наурыз Оңтүстіктен бастау алса, ал ақындар айтысты осы Наурыз мерекесінен бастайды екен. Жалпы, «Наурыз айтыс» 2004 жылы бастау алып, бүгінге дейін ұйымдастырылған. Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Наурыз айтысты" биыл Түркістан облысы да, Шымкент қаласы да өткізуден қалыс қалып отыр.

Елбасының жариялаған "Ұлы дала жеті қыры" мақаласының өзі ұлттық өнерімізді жаңғыртуына, насихатталуына бағытталған болатын. Бүгінгі таңда, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы сақтап келе жатқан айтыс өнерін кеңінен насихаттау қаншалықты жүзеге асып жатыр?

«Жансейіт Түймебаев келгелі бір айтыс өткізді де, сондан кейні айтысты жоқ қылды. Оған қасындағы біреулер жамандады ма, әйтеуір облыста, иә қалада жоқ. "Наурыз айтысты" кәдімгідей биыл жанталасып сұрап жатыр. "Айтыс қашан, "Наурыз айтыс" не болып кетті, жоқ болды ғой" деп жан-жақтағы ақындар да сұрап жатыр. Жылда "Наурыз айысты" Оңтүстіктен бастаушы едік не болып кетті деп. Облыс Түркістанға көшті, қазақтың нағыз ұлттық өнерін түркі дүниесіне паш етеміз деп жатқанда... Әлемде ешкімде жоқ өнерді насихаттайтын тұс қой енді. Соны жоқ қылып жіберіп отыр», - деп республикаға танымал ақын-айтыскер, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов өз ренішін білдірді.

Айта кету керек, бүгінде айтыс дүниежүзілік мәртебе ие болып, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне еніп отыр.