Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жіберілді

0
386

Бұған дейін Бишімбаев тергеу изоляторында отырған еді.


Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жіберілді

ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаева сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтейді, деп жазады sputnik.kz.

"Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", - деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Бишімбаев жазасын өтейтін нақты орнын комитет хабарлаған жоқ. Бұған дейін Бишімбаев тергеу изоляторында отырған еді.
Бұған дейін Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр 24 жылға сотталған болатын.
Іс қоғамда резонанс тудырды. Нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң қабылданды. 15 сәуірде Тоқаев отбасында ұрып-соғу жазасын күшейтетін заңға қол қойды.