Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалды

0
535

Апелляциялық шағымды Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұхановадан тұратын сот алқасы қарады.


Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалды

ERNUR.KZ. Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтті, деп жазады stan.kz.

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды.

Апелляциялық шағымды Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұхановадан тұратын сот алқасы қарады.

Қаулының қарар бөлігін төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева айтты.

"Сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды", – деді судья.