Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтты

0
379

Прокурор оның сөзін жоққа шығарды.


Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтты

ERNUR.KZ. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев сотта өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтты. Сонымен қоса ол бұл әрекетке тергеу изоляторында барғанын жеткізді, деп жазады stan.kz.

“Салтанаттың өлімі туралы фактінің анықталғаны көңілімді қатты түсіріп, күйзеліске түстім”, – деді Бишімбаев прокурордың сауалына жауап беріп тұрып.

Прокурор Бишімбаевтың Нүкенова мейрамхананың VIP бөлмесінде жатқан кезінде бейнебақылау камерасындағы жазбаларды жою, оның телефонын алып жүру сондай-ақ "Bau" мейрамханасының аумағында әйелдермен кездесу туралы тапсырма бергенін атап өтеді.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы тергеу изоляторында Бишімбаевты жеке бақылағанын және сол бес айдың ішінде экс-министрдің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне бармағанына назар аударады.

“Құрметті сот, құрметті алқабилер, Бишімбаев қамауға алынған сәттен бастап бес ай бойы мен өз басым процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторындағы камераға орнатылған бейнебақылау камерасын бақыладым. Сол бес айдың ішінде сіз ешқашан өзіңізге зиян тигізуге тырысқан емессіз”, – деді прокурор.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр.