​ Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейді

0
392

Оның қай түрмеге баратынын Қылмыстық атқару жүйесі анықтайды.


​ Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейді

ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаев жазасын Қазақстандағы нақты қай түрдеме өтейтіні әзірге белгісіз. Бүгін журналистерге брифинг өткізген БАҚ жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова оның нақты қай түрмеге баратынын ҚАЖК шешетінін мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бишімбаев рецидивист ретінде жазасын аса ауыр қылмыс жасаған адамдар отыратын түрмеде өтейді. Бірақ, оның нақты қай елді мекендегі түрмеге баратынын сот анықтамайды, оны Қылмыстық атқару жүйесі комитеті шешеді. Сот үкімі орындалу үшін осы органға жіберілген соң оның жазасын өтейтін жерді сол комитет анықтайды», - деді Алма Есімова.

Ал, Бақытжан Байжанов жазасын орташа қауіпсіздіктегі түрмеде өтейді. Оның да қай елді мекенде жазасын өтейтіні әзіршге белгісіз.