Бақытжан Байжанов 2023 жылдың 12 қарашасында қамауға алынған.
Фото:Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенованың өлімі ісі бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Соттың тиісті шешімі заңды күшіне енді, деп жазады tengrinews.kz.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Байжановтың қашан бостандыққа шығатыны нақты айтылмаған.
Астана полициясының ақпаратына сәйкес, Бақытжан Байжанов 2023 жылдың 12 қарашасында қамауға алынған. Сол уақыттан 2024 жылдың шілдесіне дейін ол тергеу изоляторында отырды. Изолятордағы бір күн түзеу мекемесіндегі 1,5 күнге есептеледі. Рақымшылық кезінде Байжановтың мерзімі шамамен 8 айға қысқаруы мүмкін. Осылайша, алдын ала есептеуіміз бойынша, Қуандық Бишімбаевтың інісі 2026 жылдың қазанында бостандыққа шығуы ықтимал.
Еске салайық, 9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына жүгінген еді. Айдың аяғында сот оның жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды.