Бишімбаевтың сотына атышулы блогер келді

0
421

Гүлнәр Насырова әлеуметтік желіде спорт және дұрыс тамақтану туралы блог жүргізеді.


Бишімбаевтың сотына атышулы блогер келді

ERNUR.KZ. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың процессіне осы істе аты көп айтылған блогер Гүлнәр Насырова келді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, бұған дейін айтылғандай, 2023 жылдың 9 қарашасы күні, яғни, Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні Гүлнәр Насырова Қуандық Бишімбаевтың мейрамханасына келген.

Бүгін сотқа куәгер ретінде келген Насырова өзінің кім екенін, қай салада жұмыс істейтінін және Бишімбаевты қайдан танитынын айтып жатыр. Оның сөзіне сенсек, Бишімбаев екеуі дұрыс тамақтану мен спортқа қатысты бір клубтың мүшесі. Сонымен қатар Насырова мәлім еткендей, оны кездесуге Салтанат емес, Қунадық Бишімбаевтың өзі шақырған.

«9 қараша күні ол мені BAU мейрамханасына шақырды. Өзі ас үй жақтан шығып, екеуміз вип-кабинетке отырдық. Ол менен жарнама туралы сұрады. Ұлым мен қызым туралы сұрады. «Қызыңыз өте әдемі екен» деп, онымен жұмыс істегісі келетінін айтты», - дейді блогер Гүлнәр Насырова.

Оның айтуынша, Бишімбаев 9 қараша күні екеуі кездесіп отырғанда, яғни, шамамен сағат 15.30- 17.00 аралығында бірнеше рет далаға шыққан. Насыроваға қазір мемлекеттік айыптаушылар сұрақ қойып жатыр.