Биыл 30 тамыз қазақстандықтар демалмайды – Еңбек министрлігі

0
102

Биыл қазақстандықтар 30 тамызда (жексенбі – мереке) және 31 тамызда (дүйсенбі) демалуы керек еді, өйткені мереке демалыс күніне түсіп тұр.


Биыл 30 тамыз қазақстандықтар демалмайды – Еңбек министрлігі

Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Конституция күні 15 наурыз болып бекітілгендіктен 30 тамыз демалмайды, деп жазады stan.kz.

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайға “Қазақстандықтарға 30 тамыз күні қосымша демалыс беріле ме?” деген сауал қойылды.

“Енді берілмейді. Конституция қабылданып, күшіне енген соң 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болып белгіленеді”, – деп жауап берді вице-министр.

Биыл қазақстандықтар 30 тамызда (жексенбі – мереке) және 31 тамызда (дүйсенбі) демалуы керек еді, өйткені мереке демалыс күніне түсіп тұр. Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылатындықтан қазақстандықтар бұл күні демалмайды.

15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдум өтті. Мемлекет басшысы да Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ бүгін Конституция жобасын мақұлдау бойынша республикалық референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды.