2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр
фото: канал пресс-службы акима Павлодарской области
ERNUR.KZ. Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыруға рекордтық 580 млрд теңге бөлінді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл қаражат диқандарға тікелей кредит беруге, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, форвардтық сатып алуға жұмсалды.
"Нәтижесінде республика егіншілері дәнді дақылдар бойынша рекордтық көлемде өнім жинады: орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болып, 26,7 млн тонна астық бастырылды", - деп жазылған хабарламада.
2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл бастырылды, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Айта кетері, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр.
2025 жылға арналған көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру қазірдің өзінде басталып кетті.