Соңғы бірнеше жыл ішінде гранттар саны 2 есеге көбейді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Сонымен қатар ол жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту мәселелеріне тоқталды.
Соңғы бірнеше жыл ішінде гранттар саны 2 есеге көбейді. Биыл ең көп 73 мың грант қарастырылып отыр. Студенттердің шәкіртақысы да екі есе артты. Біз ұлттық бірыңғай тестілеуді цифрлық форматқа көшірдік. Жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігін енгіздік. Бұл біздің талапкерлер үшін өте қолайлы жүйе. Бұған қоса, 11-сыныпты бітірушілер енді шілдеде емес, қаңтар айынан бастап оқуға шартты түсе алады. Бұл да басқа мемлекеттерге кетпеу үшін қолайлы шешімдердің бірі деп айтуға болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Алайда соған сәйкес талап та күшейтілген.
Педагогикалық бағыттар бойынша шекті балл – 50-ден 75 ұпайға дейін көтерілді. Медициналық бағыттар бойынша 70 және заң бағыттары бойынша 75-ке дейін артты. Президенттің тапсырмасы бойынша техникалық мамандықтарға грант үлесі 40%-дан 60%-ға дейін көбейтілді, - деді Асхат Аймағамбетов.