102 адамды елден шығарылды, қалғандары айыппұл төлеп кетіп қалған.
ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «ҚР Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп жазады Baq.kz.
«2018 жылы 14 наурызда Астана қаласында келісімге қол қойылды. Келісімді ратификациялау көші-қон ағымдарын реттеу мен азаматтар сұрақтарын шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды», - деп таныстырды ІІМ басшысы.
Келісім екі тарап мемлекеттерінің азаматтары туралы статистикалық құқық пен ғылыми-методологиялық ақпаратпен алмасуды көздейді. 2018 жылы шілдеде келісім Тәжікстан парламентімен ратификацияланған. Министрдің айтуынша, заңды қабылдау әлеуметтік, экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды және қосымша қаражатты талап етпейді.
«Біз қазіргі таңда қос азаматтықты дәлелдемейміз. Біз оларға (Тәжікстан Үкіметіне – авт.) сауал жіберсек, олар бізге жауап бермейді. Неге десеңіз, арада ондай келісім жоқ. Биыл қос азаматтығы бар 15260 адамды таптық, соның ішінде 555-ін жауапқа тарттық. 102 адамды елден шығардық, қалғандары айыппұл төлеп кетіп қалды. Осы келісімді, ең бірінші, қос азаматтық болмасын деп дайындап жатырмыз», - деді Қасымов.
Ол тағы да келісімсіз бұл мәселе шешілмейтінін, себебі басқа елдерге қос азаматтық туралы сауал жіберіп мұндай құпия мәліметтерді алу мүмкін емес екенін айтты. Мұндай келісім Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы, Армения және Грузия елдерімен де дайындалып жатыр.
ІІМ мәліметінше, 2014 жылы Қазақстанның көші-қон қызметі қос азаматтығы бар 4 мың азаматты анықтаса, 2015 жылы олардың саны 9 мыңға жеткен.