Биыл Ресейден Қазақстанға 4 жолбарыс әкелінеді

0
225

Құзырлы министрлік Ресей тарапымен келіссөз жүргізген.


Биыл Ресейден Қазақстанға 4 жолбарыс әкелінеді

фото: el.kz

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл елімізге тағы 4 жолбарыс әкелінетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді. Қазір олар Іле-Балқаш резерватының аумағында, жағдайлары жақсы. Жыл соңына дейін олар көбейеді деп үміттеніп отырмыз", - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ерлан Нысанбаев ақпан айында ресейлік әріптестермен кездесу өткізілгенін атап өтті.

"Ресейден мамандар тобы келді. Олардан әкелуді жоспарлап отырған жолбарыстарға қажет инфрақұрылымды көрсеттік. Биыл тағы үшеу, көп дегенде төрт жолбарысты әкелеміз", - деді Экология және табиғи ресурстар министрі.