Биылдан бастап салықтар мен төлемдер бүтін теңгемен есептеледі

0
168


Биылдан бастап салықтар мен төлемдер бүтін теңгемен есептеледі

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді бүтін теңгемен есептей ала ма? Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп жазады zakon.kz.

Жаңа Салық кодексінің 204-бабына сәйкес, салықтық есепке алуды жүргізу қағидалары айқындалған.

Қағидаларға сай, салық төлеуші (салық агенті) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен есептеу әдісі бойынша салықтық есепті теңгемен жүргізеді.

"Осыған байланысты салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеу кезінде тиынмен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектеледі", – делінген жауапта.