Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік балаларды қорғау күні екенін еске салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет»,-деп жазды Мемлекет басшысы.