БҚО-да 13 жастағы бала монша пешін жағамын деп бетін күйдіріп алды

0
884

Қайғылы оқиға 1 қазан күні Шыңғырлау ауылында болған.


БҚО-да 13 жастағы бала монша пешін жағамын деп бетін күйдіріп алды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстанда 13 жастағы бала монша пешін жағамын деп қатты күйік шалып, ауруханаға түсті, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 1 қазан күні Шыңғырлау ауылында болған. Жасөспірім күйікті пеш жағып жатқан кезінде алған.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сол күні Бәйтерек ауданынан тағы бір 15 жастағы жасөспірім күйік шалып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Зардап шеккен жасөспірімнің денесінің 30 пайызын күйік шалған.

2023 жылдың тоғыз айында Батыс Қазақстанда 419 өрт оқиғасы орын алған. Сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланды. Статистика көрсеткендей, өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алған. Олардың ішінде жеті адам қаза тақан.