БҚО-да 9 жасар бала тоққа түсті

0
1 272

Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.


БҚО-да 9 жасар бала тоққа түсті

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға 29 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Шапай ауылында болды. Бүлдіршін трансформатор тоғына күйіп қалды, деп жазады Stan.kz.

"Менің әкем бірден мұның көгеру емес, күйік екенін айтты. Біз оны дереу жергілікті ауруханаға апардық. Онда бізге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, таңертеңгі сағат 10-11-де Оралда ауруханаға жатқызылды. Қазір ол балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Оған ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ», - деді Сандуғаш.

Белгілі болғандай, Назар балалар ойнайтын жердің жанында орналасқан трансформаторда электр тоғынан соққы алған.

"Бұл трансформатор үйден 500 метр қашықтықта орналасқан. Саябақ бар. трансформатор қоршалмаған, сонымен қатар есігі ашық. Ол жерге кез келген бала бара алады. Қазір Назарның жағдайы ауыр. Оның сол жағы зақымдалған. Неліктен бұл трансформатор қоршалмаған және неге есігі ашық, тіпті екінші қабатқа баспалдақ саты бар", - дейді Сандуғаш.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 29 тамызда Шапайдан 2010 жылы туылған баланың электр тогының соғуы диагнозымен жеткізілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов трансформатор ғимараттың 2-қабатында орналасқандығын түсіндірді.

"Бұндай оқиға біздің ауылда бірінші рет болды. Трансформатор орналасқан бұл ғимарат Қазпошта қоршауының артында орналасқан. Бұл жағдайды анықтап, неліктен оған кіру мүмкіндігі жасалғанын анықтаймыз. Кінәлілерді анықтаймыз, олар жазаланады. Екінші қабатқа сатыны алып тастайтын шығармыз", - деп түсіндірді Қалияр Айтмұхамбетов.