БҚО-да аутизммен ауыратын жігіт төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

0
390

Жоғалып кеткен күні Игорь қара жейде, ашық көк шорты және көк аяқкиім киіп жүрген.


БҚО-да аутизммен ауыратын жігіт төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы, Рубежинский ауылындағы үйінен шығып, осы күнге дейін оралмаған, деп жазады tengrinews.kz.

Жігіт аутизмге шалдыққан. Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.

Жоғалып кеткен күні Игорь қара жейде, ашық көк шорты және көк аяқкиім киіп жүрген. Оның бойы 180 сантиметрдей, арық денелі, шашы сарғыш, қысқа кесілген.

Игорь Исраиловты полиция іздестіріп жатыр.