БҚО-да мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті

0
95

​Жол апаты 2026 жылғы 31 наурызда сағат 14:00 шамасында Теректі ауданының Подстепное ауылында болды.


БҚО-да мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар зардап шекті. Теректі ауданының Подстепное ауылында бағыттық автобус пен мектеп автобусының қатысуымен жол апаты болды, деп жазады baq.kz.

Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша, жолаушылар автобусы мен ішінде балалары бар мектеп автобусы соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендердің бар екені, оның ішінде балалар да болғаны нақтыланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Самара – Шымкент» республикалық тасжолымен келе жатқан бағыттық автобус мектеп автобусымен соқтығысқан. Соққы пәрменімен мектеп автобусы инерция бойынша алдында тұрған жеңіл көлікке барып соғылған. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар, оның ішінде балалар да бар. Қаза тапқандар жоқ. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бағыттық автобустың жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық көмек бригадалары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.