БҚО-да монша сыпырғышын дайындағандар 1,2 млн теңге айыппұл төлейді

0
863

Сыпырғыштар жабайы еменнен жасалған.


БҚО-да монша сыпырғышын дайындағандар 1,2 млн теңге айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына монша сыпырғыштарын дайындағаны үшін айыппұл салынды. Сыпырғыштар жабайы еменнен жасалған, ол тек осы аймақта кездеседі, деп жазады sputnik.kz.

Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ақпаратына сәйкес, бұл кәдімгі еменнің Қазақстандағы жалғыз түрі. Соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында емен заңсыз кесілді.

"Олардан базарларда, сауна және моншаларға сату үшін сыпырғыштар дайындайды. Биыл инспекторлар 60 хаттама толтырып, 1,2 миллион теңге айыппұл салды", – деп түсіндірді ведомствода.

Сондай-ақ, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар немесе еш жерде жұмыс істемейтін адамдар емен кесумен айналысқан. Жеке тұлғаларға 100 АЕК (306 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.