Жеңіл көлікте отырған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында «Toyota Kamri» «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Шыңғырлау ауданы аумағында болды. Шамамен сағат 09.30-да Самара-Шымкент жолында 27 жастағы жүргізуші жеңіл көлігімен қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп 28 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «КамАЗ» автокөлігімен түйісуге жол берген.
Жол апатының салдарынан жеңіл көлікте отырған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі көршілес Ақтөбе облысы Қобда аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде