БҚО-дағы су қоймасынан тырысқақ бактериясы табылды

0
617

Тырысқақ вибриондары патогенді және патогенді емес болып бөлінеді, барлығы 150-дей түрі бар.


БҚО-дағы су қоймасынан тырысқақ бактериясы табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында су қоймаларынан алынған сынамадан тырысқақ тәріздес вибрион табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей, облыс тұрғындарынан тырысқақ анықталған жоқ.

Оның айтуынша, жыл сайын өткір ішек жұқпалары өршитін кезеңде, мамырдан бастап қазан айына дейін ашық сулардан тырысқақ вибрионына сынама алынады.

«Тырысқақ вибриондары патогенді және патогенді емес болып бөлінеді, барлығы 150-дей түрі бар. Мамыр айынан бастап алынған 73 сынаманың 14-інен патогенді емес тырысқақ тәріздес Vibrio cholerae non O1 табылды. Қазіргі кезде қауіпті дерттің алдын алу мақсатында күн сайын мониоринг жүргізілуде. Сонымен қатар адамдар өзен-көлде шомылған кезде суды жұтып қоймай, байқау керек. Ауру ластанған судан таралады. Ең бастысы, жеке бас гигиенасын сақтау қажет», деді Н.Мұстаев.