Блогер Мұрат Әбділдаға қатысты сот үкімі шықты

0
412

Алайда сот блогердің арызын қанағаттандырмады.


Блогер Мұрат Әбділдаға қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Сот абақтыдағы белгілі қазақстандық блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмады, деп жазады inbusiness.kz.

Мұрат Әбділда өз кезегінде өкінетінін айтып, түзелуге уәде етті.

"Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын! Бұл енді қайталанбайды. Өзіммен жұмыс істеп, лайықты өмір салтын ұстанамын! Жаза шарттарын айыппұлға ауыстырыңызды сұраймын, түгел төлеуге дайынмын", – деді Мұрат Әбділда.

Дегенмен прокурор соттан сотталушының өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Кеңесуден соң судья Талғат Қахаров өз шешімін шығарды.

"Сот арызды қанағаттандырудан бас тартады. Сотталушы бірнеше рет істі болды, оған түзетуге мүмкіндік берілді. Қойылған талаптан бас тартылады", – деп шешті сот.