Блогерлерге қатысты заң президентке жолданды

0
410

Бүгін сенат осы заңды бірден екі оқылымда мақұлдады.


Блогерлерге қатысты заң президентке жолданды

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңды мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.

Осы заңмен онлайн-жарнама, инфлюенсер және жалған ақпарат ұғымдары енгізіліп отыр. Бұдан бөлек, қазақстандық блогерлер салық төлеуге міндеттеледі және жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі. Жалған ақпараты көп зиян тигізбесе, 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал осы әрекетті қайталанған жағдайда айыппұлдың көлемі екі есеге артады. Заңды тұлғалар да тиісті тәртіппен жазаға тартылады.
Жалпы, осы заң аясында Қылмыстық және Кәсіпкерлік кодекстерге, "Жарнама туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Білім туралы" және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі. Мәселен, Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін баптарда "онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған әрекеттер" де ескеріледі.
Бүгін сенат осы заңды бірден екі оқылымда мақұлдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.