Блок-посттан ақшаға адам өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды

0
867

Сот олардың мемлекеттік қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салды.


Блок-посттан ақшаға адам өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды

ERNUR.KZ. 13-14 мамырда Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының №2 аудандық соты Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары Аденов К.Е. мен Оразов С.С.-ке үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

Аденов пен Оразов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынды.

Сот олардың мемлекеттік қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салды.

Сонымен қатар, осы үкіммен Уджур В.И. пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған шенеуніктер төтенше жағдай және "COVID-19" коронавирустық инфекциясының еліміздің басқа аймақтарында таралуын болдырмау мақсатында Алматы қаласының аумағына кіруге/шығуға тыйым салатын карантиндік режим кезінде Жетісу ауданындағы блок-постта кезекшілікте болғанда делдал арқылы бірнеше рет Алматы қаласының тұрғындарын бекеттен кедергісіз өткізгені үшін пара алған.