Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны расталды

0
547

Бұған дейін бірқатар БАҚ Болат Назарбаев бүгін көз жұмғанын хабарлаған болатын.


Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны расталды

ERNUR.KZ. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады, деп жазады sputnik.kz.

"71-ге қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кейінірек Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана да ақпаратты растады.

"2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ Болат Назарбаев бүгін көз жұмғанын хабарлаған болатын.