Бос қалған 4 мың білім гранты иесін тапты

0
1 143

Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті.


 Бос қалған 4 мың білім гранты иесін тапты

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді.

Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады.

Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және телеграм-каналында жарияланады.

Ал, грант сертификаттарын https://certificate.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.